Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысы Төле би ауданында болған оқиға жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшыларының назарын аудартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, таңғы уақытта жергілікті тұрғындардың бірі Леңгір қаласындағы көшелердің бірінде жеңіл киім киіп, аяқ киімсіз жүрген баланы көріп, құқық қорғау органдарына хабар берген.
Жағдайды анықтай келе, баланың үйден өзі шығып кеткені белгілі болды. Анасы таңертең жұмысқа кетіп, баланы туыстарына қарауға қалдырған. Алайда бала ең бірінші болып оянып, ересектерді таппаған соң анасын іздеуге көшеге шығып кеткен. Осылайша, ол шамамен үш шақырым жаяу жүрген.
Нұрбек Арапбаев есімді тұрғынның көмегімен бүлдіршін полиция бөліміне жеткізілді.
Кейіннен баланың анасының жеке тұлғасы анықталды. Бала анасына тапсырылды, – деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі