23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2023 жылғы желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында болған автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу кезінде оқиғаның жай-жапсары анықталды. Автобус жолаушысы әйел жүргізушімен жанжалдасып, әйелдің бетінен екі рет жұдырықпен ұрған. Жүргізугі есінен танып қалғанда автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. Салдарынан үш тұрғын оқиға орнында қаза тапты.
Сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтқан айыпталушы Дархан Ахметжанов өзінің бұған дейін қоғамдық тәртіп бұзбай, отбасын асырап жүрген қарапайым құрылысшы екенін атап өтті.
Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Өкінемін, өрескел қателік жібердім. Өзіме үлкен сабақ алдым. Енді мұндайға жол бермеймін. Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұл баланың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Әділ шешім қабылдайды деп үміт артамын, - деп көзіне жас алды.
Ол қаза болған адамдардың жақындарынан және өзінің ата-анасы мен жұбайынан кешірім сұрады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады