6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерAustralian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның атынан үш теннисшісі жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов.
Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов нидерландтық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисі болған.
Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Үндістан) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.
Айта кетейік, турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі