6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСпорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттуғаларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш - 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.
Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.
Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.
Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі