Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Қазақстанның бірнеше өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қызылорда, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы тарихи вокзалдар күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта пайдалануға берілді. Сексеуіл вокзалы жаңа келбетке ие болды
Қызылорда облысындағы 1904 жылы салынған Сексеуіл теміржол вокзалы ауқымды реконструкциядан кейін қайта ашылды. Жоба аясында ғимараттың қасбеті мен шатыры толық жаңартылып, ішкі бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар энергия үнемдейтін шыны пакеттері бар алюминий витраждар орнатылып, құрылыс барысында отандық өндірістің сапалы материалдары пайдаланылды.
Жалпы ауданы 454 шаршы метрден асатын бір қабатты вокзал бүгінде жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді.
III класты вокзал тәулігіне орта есеппен 300 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан, Шу, Тараз қалаларына, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан бағыттарына қатынайтын 30 жолаушылар пойызы өтеді.
Қарағанды облысында екі вокзал жаңғыртылды
Қарағанды облысындағы Дария және Мырза станцияларының теміржол вокзалдары да толық реконструкциядан өтті.
1940 жылы пайдалануға берілген Дария вокзалының екі қабатты ғимараты кешенді түрде жаңартылып, инженерлік жүйелері ауыстырылды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығу жолдары жасалды.
Дария станциясы арқылы Астана, Қарағанды, Жезқазған, Семей, Балқаш, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Шу, Тараз, Маңғыстау және Бейнеу бағыттарына қатынайтын 10 жолаушылар пойызы жүреді.
Ал 1987 жылы салынған Мырза вокзалында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлмелері жөнделді. Сонымен қатар жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.
Бұл станция арқылы Қарағанды, Қостанай, Астана және Көкшетау қалаларына қатынайтын алты жолаушылар пойызы өтеді.
Қостанай облысында жаңа вокзал пайдалануға берілді
Қостанай облысындағы Железорудная станциясының вокзалы толықтай қайта салынды. 1959 жылы бой көтерген ескі ғимарат сүріліп, оның орнына жалпы ауданы 416 шаршы метрден асатын жаңа бір қабатты жолаушылар кешені салынды.
Жоба аясында инженерлік желілер толық жаңартылып, вокзал аумағы абаттандырылды. Сондай-ақ заманауи эвакуациялық жолдар қарастырылып, ғимарат қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен жабдықталды.
III класты вокзал тәулігіне орта есеппен 452 жолаушыға қызмет көрсетеді. Мұнда Алматы, Шу, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Көкшетау қалаларына және Бурабай курорттық аймағына қатынайтын 12 жолаушылар пойызы аялдайды.
Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс