23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде әйелдер арасындағы үш финалисіміз белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
60 келіде өз мүмкіндігін алған Виктория Графеева 1/2 финалда Таиланд спортшысы Порнтип Буапамен жолықты. Отандасымыз өз басымдығын сенімді түрде пайдаланып, қашықтықтан қарсыласын толықтай бақылауға алды. Тактика өз жемісін беріп, төреші 2-раундта жекпе-жекті тоқтатты.
Әйелдер арасындағы екінші финалисіміз - Аида Әбікеева. 63 келідегі Аида Әбікеева 1/2 финалда Таиланд спортшысы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Тхананья Сомнуекпен шықса да, айласын асырып кетті. Жарыс қожайыны алғашқы секундтарда басымдықты алуға тырысқанымен, Аида аяқта жеңіл қимылдап, қарымта шабуылдарды сәтті пайдаланды.
Наталья Богданова да чемпиондыққа таласады. 70 келідегі Наталья Богданова жартылай финалда Украина өкілі Черноколенкомен шығып, сенімді түрде басым түсті
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік