20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісҚазақстанда автокөліктерді «сұр» импорт арқылы әкелуге бақылау күшейтіледі. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің айтуынша, бұл жаңа шектеу емес, бұрыннан қолданыстағы талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шара. Ол El.kz сайтына берген сұхбатында заңдағы олқылықтарды пайдаланған кейбір азаматтардың жеке пайдалануға арналған жеңілдіктерді коммерциялық мақсатта қолданғанын айтып, мұндай схемалардың мемлекетке де, қарапайым сатып алушыларға да зиян келтіретінін түсіндірді.
«Бір адам – бір көлік» талабы бұрыннан бар
Вице-министрдің айтуынша, бір жеке тұлғаның жылына бір ғана автокөлікті жеке пайдалану үшін әкелуіне қатысты талап Қазақстанда 2015-2017 жылдардан бері қолданыста. Алайда ұзақ уақыт бойы бұл норма толық бақыланбаған. Жағдай электрондық көлік паспорты (ЭКП) жүйесі енгізілгеннен кейін өзгерді.
Бұл жүйе көліктің техникалық сәйкестігін, экологиялық талаптарды және кедендік рәсімдерді бір базаға біріктірді. Нәтижесінде бұрын байқалмаған сәйкессіздіктер анықтала бастаған.
Мәселе жаңа талап енгізуде емес, бұрыннан бар заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуде, – деді Олжас Сапарбеков.
«Сұр» импорт қалай жүзеге асқан?
Министрлік мәліметінше, кейбір азаматтар көлікті жеке пайдалану үшін әкелетіндей рәсімдеп, кейін оны коммерциялық тауар ретінде сатқан. Бұрын әртүрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелер өзара байланыспағандықтан, мұндай айырмашылықтар көзге түспеген.
Қазір базалар біріктірілгеннен кейін заңды айналып өту схемалары анық байқала бастаған.
Тексеру барысында ерекше жағдайлар анықталған. Вице-министрдің айтуынша, кейбір азаматтар бір жылда 100-ден, тіпті, 700-ден аса автокөлікті өз атына рәсімдеген.
Министрлік мұндай көлемдегі импортты жеке қажеттілікпен түсіндіру мүмкін емес екенін айтады. Егер көлік тұрақты түрде көп мөлшерде әкелінсе, ол кәсіпкерлік қызмет болып саналады және тиісті салық пен заң талаптарына бағынуы тиіс.
Министрлік ең үлкен тәуекел қарапайым тұтынушыларға тиетінін айтады. Ресми дилерлер өндірушінің кепілдігін ұсынады, сервистік қызмет көрсетеді, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді және халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Ал «сұр» нарықтағы сатушылардың мұндай міндеттемелері жоқ.
Соның салдарынан сатып алушы кепілдік қызметінен айырылуы, өндіруші жариялаған кері қайтарып алу науқанына қатыса алмауы және техникалық ақау шыққан жағдайда қорғансыз қалуы мүмкін. Әсіресе бұрын пайдаланылған көліктердің техникалық жағдайы мен заңды тарихына қатысты сұрақтар көп болады.
Қазақстанның автонарығы қалай өзгеріп жатыр?
Министрлік ресми өндіріс пен локализацияның күшеюі Қазақстанға шетелдік инвесторларды тартып отырғанын айтады. Мысалы Қытайдың Li Auto компаниясы алғаш рет Қытайдан тыс жерде өндіріс ашуды Қазақстаннан бастауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қостанайдағы Kia зауыты да ресми өндірістің табысты үлгісі ретінде аталды. Министрліктің мәліметінше, соңғы жылдары елдегі автомобиль өндірісі айтарлықтай өсті.
Егер 2010 жылы Қазақстанда жылына шамамен 3 мың көлік шығарылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 170 мыңнан асты. Биыл өндіріс көлемі 200 мың автомобильге жуықтайды деп күтілуде.
Қазіргі таңда кейбір модельдер бойынша өндірістегі жергілікті қамту үлесі 50 пайызға дейін жеткен. Сарапшылардың пікірінше, цифрландырудың арқасында мемлекет көлеңкелі импортты анықтауға мүмкіндік алды.
Ал ресми нарықты дамыту тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, әділ бәсекелестікті қалыптастыруға, бюджет кірісін арттыруға және отандық автокөлік өндірісін дамытуға ықпал етеді.
Министрлік жаңа бақылау шаралары көлік сатып алушылар үшін қауіпсіз әрі ашық нарық қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Үш балам болғандықтан Kia Sorento таңдадым
Олжас Сапарбеков сұхбат барысында отбасы үшін қандай көлік таңдағанын айтып берді. Оның сөзінше, өзі Kia Sorento автокөлігін қайта сату немесе бизнес мақсатында емес, жеке қажетіне сатып алған.
Вице-министрдің айтуынша, үш баланың әкесі ретінде ол үшін ең бастысы отбасының қауіпсіздігі, жайлылығы және көліктің сенімділігі болған.
Мен бұл көлікті сату үшін емес, өзім үшін алдым. Үш балам бар, сондықтан кең әрі сенімді отбасылық көлік қажет болды, – деді Олжас Сапарбеков.
Сапарбековтің пікірінше, ресми дилер арқылы сатып алынған көліктің басты артықшылығы – кепілдік қызмет көрсетуі, техникалық сервистің қолжетімділігі және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуі.
Біз бұған дейін көлікті бірден сатып алмай-ақ мінуге болатын автолизинг туралы жазған едік.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?