Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыШымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы заңсыз салынған болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді соттың шешімен атышулы аттракциондар саябағы бұзылатын болды.
2011 жылы ЖШС Шымкент қаласының орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, жалға алушы балалар орталығын салу міндетін орындаудың орнына, онда «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағын орналастырған.
Жоғарғы соттың мәліметінше, соңғы жылдары бұл орында өрт шығып, қайғылы оқиғалар салдарынан екі студент пен бір адамның өліміне әкеліп соққан келеңсіздіктер болған.
Әкімдік ЖШС-ның жалдау шартының талаптарын бұзғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. МАЭС-ы және апелляция ЖШС-ны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді.
Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкім саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды жеке кәсіпкер есебінен бұзып, жер телімін бұрынғы қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану фактісін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 га жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді.Шешім заңды күшіне енген жоқ, - делінген қалалық соттың хабарламасында.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады