23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан азаматы Бағила Балтабаева елімізде USAID ұйымының өкілдігін жауып, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап ететін петицияны бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам белсендісі epetition.kz сайтында осындай бастама көтерген.
Қазақстанға егемендікпен бірге сырттан кірген қасіреттің бірі ЛГБТ ұйымдарының астарлы саясатымен үгіт-насихаттары болды. Бір жынысты қарым-қатынасты ашық түрде насихаттаған бұл ұйымдардың ұлтқа балташабар іс-әрекеттерінің ұрпақ үшін тигізген зияны орасан!
Аз халықтың жартысы бір жынысты болып кетсе, ұлт ретінде жойылу қаупі айтпаса да белгілі. Әр мемлекетті ішінен іріткі салып ыдырату үшін сол мемлекеттің өскелең ұрпағының санасына қол сұғады, сол арқылы құйтырқы мақсаттарына жетеді. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінде азғындық бағытында жұмыс істеп келген USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігінің) ұйымының жабылуына АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық берді. Бұл ұйым өз қызметін барлық мемлекетте тоқтатып жатыр. Мысалы, таяуда Әзербайжан USAID-тың қыметіне тыйым салды. Сондықтан олардың Қазақстаннан да кетуін және оған тыйым салынуын талап етеміз! – деп жазды ол.
Дегенмен петиция әзірге 50 дауыс жинаған жоқ, сондықтан модерациядан да өтпеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады