30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтардан WTA рейтингісінде 779-орында тұрған Соня Жиенбаева ғана жеңіске жетті.
Соня алғашқы айналымда әйелдер рейтингісінде 1330-орындағы норвегиялық Эмили Сартс-Лундемен (№ 29 ITF Juniors) сынға түсті.
Қазақстандық жас теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Бәсеке бір сағат 25 минутқа созылды.
Жарыстың 14-ракеткасы болып тіркелген Жиенбаева үшінші айналымға өту үшін америкалық Аланис Хэмилтонмен шеберлік байқастырады.
Асылжан Арыстанбекова чехиялық Елиска Тишаковамен ойында бірінші партияда 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7), 1:6.
Бозбалалар арасында доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Даниал Рахматуллаев алғашқы айналымда швейцариялық Флинн Томастан өте алмады – 6:7 (4:7), 2:6.
Қазақстанның басты үміті, ATP рейтингісінде 1033-сатыдағы Амир Омарханов үшін биылғы US Open сәтсіз болды. Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Омарханов бразилиялық Луис Гуто Мигельге жол берді – 6:7 (3:7), 3:6.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды