Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) US Open-2025 турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үшінші айналымда Рыбакина 2021 жылғы чемпион, британияық Эмма Радуканумен (36-орын) кездесті. Елена қарсыласын екі сетте 6:1, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтып, 1/8 финалға жолдама алды. Ал Радукану жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Елена америкалық теннисші Джульетта Пареханы (335-орын) – 6:3, 6:0 есебімен, сондай-ақ чехиялық Тереза Валентовты (96-орын) 6:3, 7:6 есебімен ұтқан болатын.
Биылғы US Open турнирінің жеңімпазы рекордтық көлемде сыйақы – 5 миллион доллар иеленеді. Ал қазіргі чемпион атағы әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға тиесілі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары