11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекНью-Йоркте өткен US Open-2026 теннис турнирі рекордтық жүлде қорымен есте қалды. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 108 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары көрсеткіш, Еl.kz интернет порталы.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чемпион атанып, 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Ол финалда Беларусь өкілі Арина Соболенкодан басым түсті.
Финалдық кездесуде Рыбакина 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық теннисші US Open тарихында алғаш рет чемпиондық атаққа ие болды.
Турнирдің әйелдер арасындағы жекелей сында финалға дейін жеткен Арина Соболенко 2,8 миллион доллар иеленді. Ал жартылай финалда тоқтаған екі теннисшінің әрқайсысына 1,45 миллион доллардан берілді.
Ширек финалға шыққан спортшылардың әрқайсысы 780 мың доллар сыйақы алды. Яғни жекелей сындағы үздік бес нәтижені алатын спортшылардың арасында чемпионның жүлдесі ең жоғары болды.
US Open-нің биылғы жүлде қоры тек жекелей сындағы спортшыларға арналған сыйақымен шектелмейді. 108 миллион долларлық жалпы қор ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және жұптық жарыстарды, сондай-ақ турнирдің басқа да санаттарын қамтиды.
Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан теннисінің тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне айналды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды және 2026 жылы Australian Open турнирін жеңген еді. Нью-Йорктегі чемпиондық атақ оның «Үлкен дулыға» жарыстарындағы үшінші жеңісі болды.
US Open-дегі табысының арқасында Рыбакина әлемдік рейтингте де көш бастады.
Елена Рыбакина 2025 жылғы маусымды қаржылық тұрғыдан да сәтті өткізген болатын. Қазақстандық теннисші жыл ішінде турнирлерден шамамен 8,46 миллион доллар жүлде ақша тапса, оның ең қомақты бөлігі Эр-Риядта өткен WTA Finals турниріндегі жеңісі үшін берілген 5,235 миллион доллар болды.
Рыбакина финалда Арина Соболенканы жеңіп, жарыстағы бес кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Бұдан бөлек, ол Страсбург пен Нинбо турнирлерінде чемпион атанды. Sportico бағалауынша, теннисшінің 2025 жылғы жалпы табысы демеушілік келісімдерді қоса есептегенде 12,6 миллион долларға жеткен, оның шамамен 4 миллион доллары алаңнан тыс кірістерден түскен. Осылайша, Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан әйел спортшылардың ондығына енді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес