Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМамырда Уругвайда Қазақстанның консулдығы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Оның хабарлауынша, биыл 6-10 мамыр аралығында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Уругвай мен Бразилияға барады.
Осы сапар аясында СІМ-аралық саяси консультациялардың бірінші раундын өткізу, Монтевидеода Қазақстанның құрметті консулдығын ашу және Астана мен Монтевидео арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту үшін Уругвай парламентінің сенаты мен өкілдер палатасының депутаттарымен кездесу жоспарланып отыр.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Бразилияда СІМ-аралық саяси консультациялардың алтыншы раунды, сенаторлармен кездесу, Бразилия мемлекеттік ауылшаруашылық зерттеулер корпорациясының (Embrapa), Бразилияның халықаралық даму агенттігінің (ABC), сондай-ақ Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) басшылығымен кездесу жоспарланып отыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар