30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПолицейлер өзгенің көлігінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлығы қылмысын ашты. Белгілі болғандай, белгісіз тұлға туыстарына қонаққа келген ер адамның көлігіне ұрлыққа түскен. Оқиға болған күні иесі Volkswagen көлігін үй сыртында құлыптап тастап кеткен. Түнгі сағат 03:00 шамасында күдікті көліктің артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде көлік иесі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрлық оқиғасын жедел ашқандары үшін алғысын білдірді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды