Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҰҚШҰ Әскери комитетінің 22-отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бейнеконференция режимінде өткен жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов қатысты.
Отырыста Беларусь Республикасы ағымдағы жылы төрағалық еткен кезеңде әскери саладағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қызметінің басым бағыттары қаралды. Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндері талданды.
Әскери комитет мүшелері ұйымдағы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарының бірлесіп даярлайтын шараларын, сондай-ақ оған мүше елдердің әуе кеңістігінде ұшуды орындау мәселелерін де талқылады.
ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында Ұйымға мүше елдер қорғаныс министрлерінің өткен жылдың қаңтар айындағы ұсыныстарын іске асыру жайында айтылды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды