Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға ірі көлемдегі есірткі заттарын кіргізудің кезекті әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік азамат тізгіндеген жүк көлігін тоқтатты.
Көлік құралын тексеру барысында өзге тауарлардың арасына жасырылған 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды.
Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 6 млн АҚШ долларынан аса сомада бағалануда.
ҰҚК органдары есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу фактісі бойынша Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәркіленген есірткі заттары Ресей Федерациясындағы қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды.
Ресейдің құзыретті органдарымен бірлескен іс-шаралар барысында есірткі трафигінің ұйымдастырушылары құрықталды.
Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары