Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілері Жамбыл облысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін 800 метрлік Бішкек-Нарын-Торугарт қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршауларды құрып жатқаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ҰҚК мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бұл учаске бойынша қозғалыс Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы келісімге (2017 жылғы 25 желтоқсаннан) сай жүзеге асады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі осы жол учаскесіне жақын жерге инженерлік қоршаулар орналастыруда. Бұл жұмыстар қазақстандық аумақта жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Ал қойылып жатқан қоршаулар шекара режимінің бұзылуына жол бермеуге және екі жақты келісімдердің сақталуына жағдай жасайды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар транзиттік өтуге кедергі келтірмейтінін және жол қозғалысының тоқтатылмағанын атап өткіміз келеді. Қырғызстандық серіктестер қойылатын қоршаулар туралы алдын ала хабардар етілген, - делінген мәліметте.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар