6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылық құрамы Азия Олимпиада кеңесінің 43-і Бас Ассамблеясына қатысу мақсатында Бангкок қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған команданың жұмыс сапары Бас Ассамблея жиынына қатысумен шектелген жоқ. Сапар барысында олар көптеген екіжақты кездесулер өткізді. Оның ішінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) өкілдері, АОК басшылары мен Азиядағы өзге де ҰОК жетекшілері бар.
Комитеттің мәліметінше, екіжақты келіссөздер ішінен ХОК вице-президентімен, Сингапур ҰОК басшысы, мистер Сер Минанг Нгмен, АОК президентінің міндетін атқарушы Радж Рандхир Сингхпен, сондай-ақ, Сауд Арабиясы ҰОК вице-президенті, ханзада Әл-Сауд Фахад бин Жавали бин Абдулазиз Әл Саудпен және АОК вице-президенті Отабек Омаровпен болған кездесулер жемісті өткен.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі