13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің төрағасы Геннадий Головкин мен Қорғаныс министрі, спорттық және жауынгерлік самбодан федерацияның президенті, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзара ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар әскери қызметшілер арасында олимпиадалық қозғалысты қолдау, спорттық инфрақұрылымды жақсарту және армия спортшыларын дайындау тиімділігін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Геннадий Головкин Қорғаныс министрлігінің олимпиада спортшыларын дайындауға көрсетіп жатқан қолдауын жоғары бағалайтынын жеткізді.
ҰОК мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінде 12 олимпиадалық спорт түрі дамытылып жатыр. Орталық спорт клубында 131 спортшы жаттығады. Өткен жылы әскери қызметшілер Олимпиада ойындарына 21 жолдама жеңіп алды. Олардың төртеуі Париждегі Олимпиадада жүлдегер атанды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды