Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының жалақысын көтеру туралы бірнеше тапсырма берді. ЖОО-лар гранттарды бөлу арқылы бюджеттен қаржыландырылатындықтан, біз бюджет есебінен төленетін бір гранттың құнын көтеруді ұсындық. Әсіресе, магистратурада бюджеттік гранттардың құнын көтеру маңызды, - деді мәжілісмен.
Депутат осыдан бірнеше жыл бұрын тиісті министрлік бакалавриат пен докторантура гранттарының құнын бірнеше есеге өсіргенін атап өтті. Сол себепті профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеруге мүмкіндік туды.
Бірақ бүгінгі күні бұл шараларды жаңарту маңызды. Сондықтан комитет бюджеттік заң жобасына бұл өзгерістерді енгізуге бастамашы болып, келесі жылға тиісті түзету енгізілді. Түзетулерді қабылдау университет оқытушыларының жалақысын орта есеппен 40 пайызға көтеруге мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады