Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді.
Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав Александров (10-минут), Батырлан Муратов (20-минут) және Олег Бойко (29-минут) төрт гол соқты. Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, жарыстың плей-офф сатысына бір тур бұрын жолдама алды.
Енді Қазақстан студенттер құрамасы 18 қаңтарда АҚШ-құрамасымен кездеседі.
Аталған топтан алғашқы екі орындағы құрамалар 21 қаңтарда өтетін жартылай финалға жолдама алады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 22 қаңтар күні өткізіледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары