Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында еліміздің құрамасы алтыншы орынға табан тіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 қола медаль бар.
Айта кетерлігі, құрамаға тұңғыш алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес сыйлады. Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев те алтыннан алқа тақты.
Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринтте алтынды жеңіп алды. Тағы бір биатлоншы Александр Мухин қола жүлдені місе тұтты.
Жүлде саны бойынша командалық кестенің көшін 32 медальмен Жапония бастап тұр. Одан кейінгі сатыларда Польша (10 медаль) мен Оңтүстік Корея (5 медаль), Чехия (8 медаль), Финляндия (5 медаль) бар.
Қысқы Универсиада ойындары 22 қаңтарда аяқталады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары