Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы алғашқы алтынды иеленді

31 Шілде 2023, 18:19 740

Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан студенттер ойындарында таеквондошы Рита Бакишева жеңімпаз атанды. 46 келінің финалында ол Қытайлық Тайбей өкілі Хуань Инь Суаньді жеңді.

Оқи отырыңыз:

Осылайша, Қазақстанның Универсиададағы жүлде саны 11-ге жетті. Алтыннан бөлек қоржынымызда бес күміс және бес қола медаль бар.

Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады. Бұл жарыста құрамамыз 10 спорт түрінен бақ сынап жатыр. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: