Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желіде құлағынан өте көп мөлшерде құлыққа толы масса шыққан қыздың видеосы тарап, жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай бойжеткеннің вакуумды құлаққапты үнемі тағып жүруінен болған.
Таратылған ақпаратта бойжеткеннің құлақ ауруына байланысты мамандарға шағымданғаны айтылады.
Бойжеткен бас ауруы, құлақтағы шуыл және есту қабілетінің төмендеуі сияқты шағымдармен келді. Тіпті жолда кетіп бара жатқанда естімей қалып, көлік қағып кете жаздаған жағдайлар да болған, – дейді дәрігерлер.
Эндоскоп арқылы тексеру кезінде оның құлағы толықтай құлыққа толып, бітеліп қалғаны анықталған. Сонымен қатар, вакуумды құлаққап тағу салдарынан құлақта ылғал жиналып, сары түсті бөлінді көбейген, нәтижесінде ісініп, қабыну процесі күшейген. Бұл жағдай бас ауруына, мазасыздыққа және есту қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болған.
Ісініп, толып тұрған құлақ терісі ауырып, есту қабілеті айтарлықтай нашарлады, – делінген видео жазбаларында.
Мамандардың айтуынша, вакуумды құлаққапты ұзақ уақыт тағу құлақтағы табиғи ылғал айналымын бұзып, қабыну мен инфекцияның дамуына жол ашады. Сондықтан жеке гигиенаға мән беріп, құлаққапты үнемі дұрыс пайдалану маңызды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі