Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҮндістанның Амбикапур қаласында, ел ішінде «қоқыссыз қала» деп танылған өңірде, ерекше бастама қолға алынған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Good News Network-ке сілтеме жасап.
Мұнда Garbage Cafe желісінің бірнеше нүктесі жұмыс істейді. Кафеге келушілер ақшамен емес, қоқыс көлемімен есеп айырысады.
Жергілікті ережеге сәйкес, бір келі пластик өткізген адамға толыққанды түскі ас ұсынылады. Ол төрт тағамнан тұрады: күріш, екі түрлі карри және дəл — жасымықтан дайындалған дәстүрлі үнді тағамы.
Кафе күніне шамамен 20 адамды қабылдап, орта есеппен 20 келідей пластик жинайды. Жоба жетекшілерінің бірі Винод Пательдің айтуынша, мұндай тәсіл екі мақсатты қатар жүзеге асырады: мұқтаж адамдарды тамақтандыру және қаланы пластиктен тазарту.
Амбикапурда жергілікті биліктің қоқыс өңдеуге арналған күрделі жүйелерді енгізуге мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қалада күн сайын 226 тоннаға жуық пластик қалдық жиналып, қайта өңдеуден өткізіледі.
Бұл тәжірибе тиімділігін көрсеткен соң, үнділік бастама басқа қалаларға да тарады. Тіпті Камбоджада да осындай кафе ашылып, экологиялық әрі әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жатыр.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?