Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҮндістанның ең бай бизнесмені Мукеш Амбанидің 61 жастағы жары Нита Амбани белгілі модельер ұйымдастырған кеште көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның образындағы ең көз тартар элемент – Hermes Sac Bijou Birkin маркалы шағын әрі қымбат сөмке болды. Бұл аксессуар Kellymorphose атты жоғары зергерлік өнер топтамасына жатады.
Eastern Eye басылымының жазуынша, сөмке 3025 гауһармен безендірілген, жалпы салмағы 111 карат. Әлемде мұндай бұйымның бар болғаны үш данасы ғана бар екен.
Бұл сәндік сөмкенің құны 1,67 миллион фунт стерлингті (яғни 1 миллиард теңгеден астам) құрайды.
Айта кетейік, Мукеш Амбани бүгінде әлемнің ең бай адамдарының тізімінде 11-орында, әрі Үндістандағы №1 миллиардер мәртебесін сақтап отыр. Ол көлемі 37 мың шаршы метрлік жеке зәулім ғимаратта – Антилия деп аталатын көпқабатты үйде тұрады. Бұл үй әлемдегі ең үлкен жекеменшік тұрғын үй болып саналады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады