Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін түнгі сағат 1-дің шамасында Ахмадабадтағы Сархей-Гандинагар тасжолында болған екі көлік апатынан 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Deccan Herald басылымына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, бұл жолда көлік апаты жиі болып тұрады.
Жол талғамайтын көлік жүкті өзі түсіретін көлікке соғылып, тасжолда кептеліс орнаған.
Сол кезде зардап шеккендерге көмектесіп жатқан бір топ адамға «Ягуар» маркалы спорт көлігі үлкен жылдамдықпен келіп соғылды.
Ахмадабад қалалық полициясының мәліметінше, 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алған. Оның көбі оқиға орнынан шамамен 20-25 фут қашықтыққа ұшып кетті.
Гуджарат штатының билігі апаттан қаза тапқандардың отбасыларына 4 мың рупия, ал зардап шеккендерге 50 мың рупия көлемінде өтемақы төледі, деп хабарлады The Indian Express.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында спорттық көліктің жүргізушісі де бар.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек