12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікDaily Mail мәліметінше, оқиға 67 жастағы Рамнатх Чаудхари малға шөп жинау үшін егістікке шыққан кезде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кенеттен маймылдар оған тап беріп, жерге құлатып, көптеген жарақат салған. Чаудхари көмекке шақырғанымен, жанында ешкім болмаған. Ауыл тұрғындары айқайға жүгіріп келгенде, ер адам ауыр халде жатқан. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.
Шаруаның қазасы ауыл тұрғындары арасында дүрбелең туғызды. Олардың айтуынша, маймылдар тобы бірнеше айдан бері адамдарға шабуылдап, тістеп, мүлікті бүлдіріп жүр. Бірақ бұған дейін мұндай жағдай адам өліміне әкелмеген.
Полиция орман шаруашылығы департаментіне жүгініп, жануарларды ұстап, басқа жерге көшіруді сұрады.
Біз тұрғындарды сақ болуға және мұндай маймылдарға жақындамауға шақырамыз, – делінген полицияның ресми хабарламасында.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер