22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАргентиналық шабуылшы, «Интер Майами» клубының ойыншысы Лионель Месси 13 желтоқсанда Үндістанның Калькутта қаласына барады. Сапар барысында футболшының құрметіне тұрғызылған алып мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
BBC мәліметінше, ескерткіштің биіктігі - 21 метр. Монументте Месси қолына әлем чемпионатының кубогын ұстап тұрған кейіпте бейнеленген. Бұл трофейді Аргентина құрамасы 2022 жылы Қатарда өткен әлем біріншілігінде жеңіп алған.
Алып мүсін 45 күн бойы 27 шебердің қатысуымен жасалған. Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін арнайы фан-аймақ та ашылады. Онда Мессидің тақта отырған күйіндегі толық көлемді мүсіні және футболшының негізгі жүлделерінің көшірмелері қойылған арнайы зал болады.
Ақпаратқа сәйкес, ашылу салтанатына Мессидің командаластары - уругвайлық Луис Суарес пен аргентиналық Родриго Де Пауль қатысады. Жуырда олар «Интер Майами» сапында MLS Кубогын жеңіп алды. Финалда команда «Ванкувер Уайткэпсті» тізе бүктірген.
Калькуттадан кейін Лионель Месси Үндістанның Хайдарабад, Мумбаи және Нью-Дели қалаларына баруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 2016 жылы Буэнос-Айресте Мессиге арналған қола мүсін орнатылған болатын. Оның биіктігі Калькуттада ашылатын ескерткіштен шамамен 12 есе кіші. Бұған дейін «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта да каталондық клубтың «Камп Ноу» стадионында Мессиге арнап ескерткіш орнатуға дайын екенін мәлімдеген.
Қазір 38 жастағы Лионель Месси - «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері. Ол мансабында «Барселона» мен ПСЖ клубтарында өнер көрсетіп, 2023 жылдан бері «Интер Майами» сапында ойнап келеді. Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионы (2022), Америка кубогының екі дүркін жеңімпазы (2021, 2024) және Олимпиада ойындарының чемпионы (2008) атанған.
Мессидің кәсіби мансабындағы жүлделер саны - 48. Бұл көрсеткіш оны футбол тарихындағы ең атақты әрі ең көп титул иеленген ойыншы ретінде даралайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев