Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАзияның бұл елінде соңғы кездері ереуілдер басылмай тұр. Көтеріліске шыққан халық Бридж Бхушан Сингхты жазалауды талап етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үндістан спортындағы даудың шешілетін түрі жоқ тәрізді. Күрес федерациясының президентіне спортшыларға зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылып отыр.
Жәбір көргендердің қатарында ондаған атлет, тіпті кәмелет жасына толмағандар да бар. Ал айып тағылған Бридж Бхушан Сингх спорт федерациясында жұмыс істеп қана қоймай, билік партиясының да мүшесі.
Қаңтарда жаппай ереуіл болып, спорт министрлігі Сингхты әкімшілік өкілеттігінен айыру керектігін айтқан болатын. Ал үкімет істі соңына дейін жеткізу туралы уәде берген.
Бұл көтерілісшілерді басқандай болғанымен, арада бірнеше ай өтсе де ешқандай жылжудың жоқтығы байқалды. Наразы топ Делидегі парламент ғимаратының алдына тағы жиналды.
Полиция митингіге шыққандарға қарсы күш те қолданды. Олар Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сакши Малик пен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Винеш Пхогатты ұстады.
Көп ұзамай Малик видео арқылы қолдаушыларға алғысын жеткізді. Ол бостандыққа шыққан соң тағы көтеріліске шығатынын, әділеттіліктің орнамай тоқтамайтынын айтты. Ол барлық медалін де қайтарып беруге дайын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады