Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҮндістанның Махараштра штатындағы Пуне қаласында жүздеген турист жүрген сәтте өзен үстіндегі көпір опырылып түсті. Оқиға салдарынан кем дегенде 4 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
NDTV арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай 15 маусым күні туристер жиі баратын танымал демалыс орнында болған. Көпір құлағаннан кейін көптеген адам арнасынан асқан өзенге құлап кеткен. Күшті ағын кейбірін ағызып әкеткен.
Махараштра штатының бас министрі Девендра Фаднавис өзінің Facebook парақшасында іздестіру-құтқару жұмыстары басталғанын хабарлады.
Оқиға орнында Ұлттық апаттарға әрекет ету күштерінің (NDRF) мамандары жұмыс істеп жатыр. Барлық тиісті қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді. Құтқару шаралары барынша жылдам әрі толық күшпен жүргізілуде, – деді ол.
The Times of India басылымының мәліметінше, Махараштра штатының төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Гириш Махаджан көпірдің тығыз адам жиналуынан опырылғанын айтты. Оқиға кезінде көпір үстінде шамамен 100 жаяу жүргінші мен 7-8 велосипед болған.
Көпірде адам тым көп болды. Онда көп тұрмау туралы ескерту жазылған тақтайша ілулі тұрған. Алайда оны ешкім елемеген сияқты, – деді министр Махаджан.
Соңғы мәлімет бойынша, төрт адам көз жұмып, 51 адам түрлі жарақат алған, олардың сегізінің жағдайы ауыр екені хабарланды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова