22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҮндістанда 33 адам жай түсіп көз жұмды, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Табиғи апатқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік басқарма мәліметінше, қайғылы жайт Бихар штатында сәрсенбіден бейсенбіге дейінгі аралықта болған дауыл кезінде тіркелген. Құрбандардың басым бөлігі – ашық аспан астында жұмыс істеп жүрген фермерлер мен жұмысшылар.
Бихар штатының төтенше жағдайларды басқару министрі Виджай Кумар Мандал AFP агенттігіне берген сұхбатында қауіп-қатер жоғары аудандардағы жергілікті билікке найзағай туралы ескерту алғаннан кейін халықты ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылғанын айтты.
Штат үкіметі найзағайдан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион рупий (шамамен 4 600 АҚШ доллары) көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады.
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Үндістанда найзағайдан кемінде 243 адам қаза тапқан. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 275 адамды құраған.
Муссон маусымының шарықтау шегінде Шығыс Үндістан, соның ішінде Бихар штатында ондаған адам қаза тауып, жүздеген мың тұрғын эвакуацияланады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев