18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Үндістан мен Қытай екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын жедел қайта қалпына келтіруге келісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үндістан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ҚХР СІМ басшысы Ван Идің Нью-Делиге сапары барысында тараптар туристерге, бизнес өкілдеріне, БАҚ қызметкерлеріне және басқа да азаматтарға визалық режимді жеңілдету мүмкіндігін талқылады.
Тараптар Қытайдың материктік бөлігі мен Үндістан арасындағы тікелей әуе қатынасын қысқа мерзімде қайта жандандыруға және әуе қатынасы туралы жаңартылған келісімді аяқтауға уағдаласты, – делінген хабарламада.
Үндістан мен Қытай арасындағы жолаушылар рейстері COVID-19 пандемиясынан кейін тоқтатылған еді. Сол себепті екі елдің жолаушылары Гонконг немесе Сингапур сияқты транзиттік тораптарды пайдалануға мәжбүр болды.
Тікелей рейстерді қайта қалпына келтіру жұмыстары АҚШ-пен Үндістан арасындағы қатынастар айтарлықтай шиеленіскен шақта жүріп жатыр. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың ресейлік мұнайды сатып алғаны үшін Үндістан тауарларына салынатын баж салығын екі есе өсіріп, 50%-ға жеткізуі себеп болған.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр