6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты тоқтатуға тікелей ықпал еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, түнгі келіссөздер нәтижесінде екі ел толық әрі дереу атысты тоқтату туралы келісімге келді.
Мен Үндістан мен Пәкістанды ақыл-парасаттылық танытып, келісімге келгендері үшін құттықтаймын, – деді Трамп өз мәлімдемесінде.
Пәкістанның вице-премьері Мұхаммад Исхақ Дар атысты тоқтату туралы ақпаратты растады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Пәкістан аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнауын әрдайым жақтайды. Алайда бұл ұстаным елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндірмеуі тиіс, – деді Дар.
Бұл келісім екі ел арасындағы әскери шиеленістің шарықтау шегінде жасалды. Бұған дейін Пәкістан Үндістан әуе күштерін Исламабад маңындағы "Нур Хан" стратегиялық авиабазасына зымыран соққылары жасады деп айыптап, кең ауқымды әскери операция бастаған болатын.
Жауап ретінде Исламабад Үндістанның әскери нысандарына, оның ішінде Пенджабтағы С-400 әуе қорғаныс жүйесіне қарсы шабуыл жасағанын мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі