Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтауы мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінген.
Жалпы, кез келген бағдарлама бар қаражаттың шеңберінде іске асырылады. Қазір жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қосымша қаражат бөлу қазынадан қарастырылып отырған жоқ. Басында «Оператор-РОП» арқылы 100 миллиард теңге бөлінді. Оған 13 мың қазақстандық көлік алды. Одан соң бұл бағдарлама револьверлі түрде жұмыс істеді. Қазір енді қоғамдық көліктің тозғандығына байланысты қаржыны соған қайта бағыттау қарастырылып отыр. Біздің мақсат – қолдағы бар ақшаны мүмкіндігінше тиімді пайдалану. Тиімді пайдаланудың бір жолы – күнде 9 миллион 300 мың қазақстандықтың қолданып жатқан қоғамдық көліктерін жаңғырту, - деді министр.
Қарабаевтың айтуынша, қазіргі таңда 2014-2015 жылдардан бері жалғасып келе жатқан 5 пайызбен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істеп тұр.
5 пайыздық бағдарлама қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Оған 82 миллиард теңге бөлінген еді. Бұл бағдарлама әрі қарай да жалғасады. Дегенмен оны әрі қарай қайда бағыттайтынымызды кейін қосымша тағы айтатын боламыз, - Марат Қарабаев.
АЙта кетейік, былтыр Қазақстанда жеңілдетілген авто несиелендіруге 2022-2025 жылдарға 150 миллиард теңге бөлінетіні айтылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?