Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБүгіннен бастап Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отбасы банк мәліметінше, биыл аталған бағдарламаны несиелендіруге 15,6 млрд теңге жұмсалады.
Бағдарлама бойынша Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40%, ал облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына 60% берілмек.
Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғары құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биыл 14,4% (ЖТСМ - 15,4% бастап) тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ - 3,6% бастап) төмендетіледі.
«Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады, - дейді Отбасы банктің баспасөз қызметі.
Бағдарлама шарты туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар