2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҰлытаулық полицейлер 300 келі марихуананы жойды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 қараша күні Ұлытау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлытау аудандық полиция бөлімі және аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жалпы салмағы 300 келіден асатын марихуананы жойды.
1 маусымнан бастап республика аумағында “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі, психотроптық заттарды заңсыз өсіруді анықтау және жолын кесу. Облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлытау аудандық полиция бөлімі және аудандық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын жоюға акция ұйымдастырды.
Акцияға жергілікті білім ошақтарының жоғары сынып оқушылары қатысып, полиция қызметкерлері есірткінің зардабы жайлы түсіндірді. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары тәркіленген қарасора тұқымдас өсімдіктерді жойып, өртеп жіберді.
Жойылған есірткі заттары – 1400 түп қарасора тұқымдас өсімдік. Полиция қызметкерлері осылайша 300 келіден астам марихуананың қара нарыққа өтуіне жол бермеді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова