23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтада 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін 17 ақпанда "Жомарт" кенішінде болған. Кабельдердің үзілуіне байланысты үйінді астында қалған кеншілермен әзірге байланыс жоқ.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.
ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік