Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін түнде Ұлытау облысы Ұлытау ауданы аттас ауылдан 100 шақырым жерде қозғалтқыштың істен шығуына байланысты жүк көлігі тоқтап, жолда қалып қойғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ қызметкерлері жедел көмекке келіп, екі адамды жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады. Адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарынан келе жатып, қар құрсауында қалған 2 жеңіл автокөлікті байқады. Тоқтағаннан кейін құтқарушылар саяхатшылардың жағдайы туралы сұрап, олардың арасынан екі кішкентай баласы бар әйелді көргеннен кейін оларды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ұлытау ауданының Қоскөл ауылынан кептеліп қалған автокөліктерді сүйреп шығару үшін қарсы шыққан ауыр техниканы күту үшін төрт адам автокөліктерде қалды, - делінген хабарламада.
ТЖМ сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексерудің маңыздылығын еске салады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады