1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҰлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының сөзінше, аймаққа келетін туристер санының артуы байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Киелі жерлер мен әртүрлі дәуірлердегі тарихи ескерткіштердің болуы біздің туристік әлеуетімізді, әсіресе этно және экотуризмді арттыруға мүмкіндік береді. Логистикалық проблемалардың болуына қарамастан, біз 6 айда келуші туристер санының 7%-ға өскенін байқаймыз. Бұл ретте өңірге келген шетелдіктер саны 2 есеге жуық өсті. Қонақ үйлер көрсеткен қызметтер көлемі 240 млн теңгеге дейін немесе 32%-ға өсті, - деді облыс басшысы.
Биыл облыс орталығына Алматы мен Астанадан пойыздар мен авиарейстер қозғалысының жиілігі артқан. Енді қонақтар Ұлытауға жайлы Тальго вагондарымен бара алады. Қазан айында Шымкентке әуе рейсі іске қосылды және бір айдан кейін ұшу жиілігі аптасына 2 реттен 3 есеге дейін өскен.
Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту үшін бірқатар шара атқарылуда. Өңірде қонақ үй кешендерінің тапшылығы байқалады. Біз бұл мәселені біртіндеп шешіп жатырмыз. Мәселен, Жаңаарқа ауданында екі қонақ үй кешені ашылды. 2024 жылы Жезқазған қаласында құны 1,5 млрд теңге болатын жалпы сыйымдылығы 100 орындық екі қонақ үйді іске қосу жоспарлануда, - деді аймақ басшысы.
Бұл ретте бизнеске салынған инвестициялар шығындарының 10%-ын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады. Сонымен қатар, облыс орталығында қонақ үй бизнесінің танымал брендтерінің франшизасын тарта отырып, жұмыс істеп тұрған «Металлург» қонақ үйін қайта құру жоспарланған. Келесі жылы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені мен Домбауыл кесенесіне дейінгі жаңа жолдың құрылысы аяқталады. «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған меморандум аясында Ұлытау өңіріндегі Әулиетау етегінің, Күмісбұлақ және Тасбұлақ бұлақтарын абаттандыру жұмыстарының эскиздері әзірленді. Алдағы туристік маусымда облыс тұрғындары мен қонақтары атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі бола алады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?