22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлытау облыстық Экология департаментінің басшысы ұсталды. Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, департамент басшысы бүгін, 8 қаңтарда сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Аталған фактіге басқа да адамдардың қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Айта кету керек, 2024 жылдың 26 тамызында күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология саласындағы жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдауда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде агенттік әлеуметтік маңызға ие салаларда жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп келеді. Солардың бірі – табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптарды сақтау саласы.
Экологияны жақсарту азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Халықтың қоғамдық пікірі мен шағымдарын ескере отырып, экология мәселесі жоғары тұрған аймақтарға ерекше назар аударылады.
Бұл ретте жекелеген лауазымды адамдар, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар пара алумен және бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзінің тікелей міндеттерін орындамаумен байланысты жемқорлық әрекеттерін жасауда. Мәселен, жемқорлық қылмыстарын жасауда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің екі басшысы және басшысының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары және басқалары әшкереленді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев