6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖедел-тергеу іс-шаралары барысында Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен Жезқазған қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында оралған синтетикалық есірткі салынған 30 түйіншек табылып, тәркіленді.
Ұсталған адам есірткі заттарын 31 жастағы бірге тұратын әйелінен сату үшін алатынын айтты. Күдікті әйел өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында анықталғандай, бұл тыйым салынған заттарды жеткізудің жалғыз фактісі емес. Ұсталған күдіктінің Қарағанды қаласынан есірткі жеткізетін арнасы бар екені анықталды. Қарағанды – Жезқазған тас жолында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында Қарағандының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік тоқтатылды, - делінген ақпаратта.
Тексеру кезінде полиция қызметкерлері осы көліктің багаж бөлімінде микротолқынды пешке жасырылған ұнтақ зат салынған пакетті тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат синтетикалық есірткі екендігі анықталды. Ұлытау облысына синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып, ұсталған күдіктілерден 330 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленді.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тіркелді. Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды 11 жылға және әйелге 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі