Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлытау облысының прокуратурасы, облыс әкімдігі және Жезқазған университеті арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға 80-нен астам студент, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ облыс прокуроры Жасұлан Еламанов және облыс әкімінің орынбасары қатысты
Тараптар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Меморандум аясында студенттер мектептер мен колледждерде дәрістер мен кездесулер өткізетін болады. Олар оқушыларға есірткінің, алаяқтықтың, буллингтің және басқа да құқықбұзушылықтардың салдары туралы айтып береді. Әрбір студентке прокуратураның тәжірибелі қызметкері жетекшілік етіп, қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, дәрістерді дұрыс құрастыруға көмектеседі.
Студенттердің алдын алу шараларына тікелей қатысуы ақпаратты жасөспірімдерге түсінікті әрі сенімді етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Себебі көбінесе құрдастардың ықпалы анағұрлым тиімді болатыны белгілі. Ұлытау облысының прокуратурасы мұндай өзара іс-қимыл мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді профилактикалық жұмыс үлгісіне айналып, өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді деп есептейді,-делінген мәліметте.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі