Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҰлытау облысында «Отан – менің намысым, борышым» атты аумақтық қорғаныс ротасы әскери міндеттілерінің оқу-жаттығу жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын 9-18 маусым аралығында өтіп, оған облыс көлемінен шақырылған әскери міндетті азаматтар қатысты.
Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – әскери міндеттілердің дайындық деңгейін арттыру, жедел іс-қимыл және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру болды. Жаттығулар барысында қатысушылар далалық жағдайда әскери іс-қимыл элементтерін орындап, түрлі тактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларды пысықтады,-деп атап өтті әкімдіктен.
Жабылу салтанатында бірқатар әскери міндетті азаматқа белсенділігі мен жоғары кәсібилігі үшін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысовтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды