Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОлжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз, – деп атап өтті премьер-министр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?