22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында жедел жәрдем автокөліктерінің кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өткен жылы республикалық бюджет есебінен 7 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.
Санитариялық автокөлікті беру рәсіміне Ұлытау облыс ының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, мемлекеттік органдардың басшылары, медициналық жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобилдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп есептейді өңір басшысы.
Жаңа жедел жәрдем машиналарын Жезқазған (2), Сәтбаев (2) қалаларының, Қаражал қаласының Жәйрем кентінің (1), Жаңаарқа ауданының (1), Ұлытау ауданының Жезді кентінің (1) жедел медициналық жәрдем станциялары алды. Бұл санитариялық көліктер заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев