Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлытау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара аясында борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары араланып, атқару құжаттардың талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарлама табысталып, мемлекет пайдасына және алимент берешектерін өтеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты жазадан құтылмаушылық қағидатын сақтау, айыппұлдар мен алиментті төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен іздеуде жүрген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталды.
Бүгінгі күнге Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, 3 әкімшілік жауаптылыққа тартылды, алимент бойынша 4,8 млн теңге өндірілді. Алиментті төлеу міндеттемелерін орындауы үшін қажетті шаралар қабылданып, 2 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды, 5 борышкердің жүргізуші куәліктерін уақытша тоқтату үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар өңірде жалпы алимент бойынша берешегі 43 млн теңгені құрайтын 22 борышкер букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, айналымы 10,6 млн теңгеге бәс тігіп, оның 6,8 млн теңгесін ұтыс ретінде қолма-қол алғандығы анықталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары