Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2023 жылдың соңына дейін Ұлытау облысында Есқұла су құбырын іске қосу жоспарланып отыр. Оның құрылысы 2010 жылы басталған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су құбыры сынақ режимінде іске қосылады. Ал нысанды тапсыру келесі жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.
Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданында Қоянды топтық су құбырының 6 ұңғымасын тапсыру күтілуде.
Сондай-ақ Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жобаны аяқтау жоспарланған. Бұл «Тақыркөл» бас су қабылдағышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су құбырының екінші желісін салу және қолданыстағы Талап топтық су құбырын кеңейту.
Бұл қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан жобалардың бірнешеуі ғана. Биыл Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізуі тиіс, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?