6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПремьер-министр тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген.
Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.
Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызыжар станциясындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі