28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлытау облысында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті. Жиынға 200-ден астам кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Үкіметтің дифференциалды ҚҚС мөлшерлемелері бойынша ұсыныстарын таныстырды. Бұл бастамаға сәйкес, ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылады, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салықтан толық босатылады. Кейбір салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме енгізілмек. Осылайша, Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемелерінің дифференциациясы келесідей: 16%, 10%, 0%, салықтан босату.
Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Бизнес-қоғамдастық атынан Ұлытау облысының Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер қауымдастығының төрайымы Надежда Ким, Өңірлік кеңес мүшесі, «Жангаскинова» ЖК негізін қалаушы Шолпан Жангаскинова, Жаңаарқа ауданы мәслихатының депутаты, «Ералиев» АӨК төрағасы, «Қоғалы көл» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаев және басқа да кәсіпкерлер сөз сөйледі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі үй маңындағы дүкендерге, мейрамханаларға, сұлулық салондарына және басқа да бөлшек сауда нысандарына әсер етпейтінін атап өтті.
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова өңірлік бизнес өкілдерімен мұндай кездесулер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жұмыс істеп жатқанын көрсететінін айтты. Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП әрбір заңнамалық бастама кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін ескере отырып, жан-жақты талданады деп күтеді.
Кездесу қорытындысы бойынша өңірлердегі бизнес өкілдерінің пікірі салық реформаларын одан әрі жетілдіру барысында міндетті түрде ескерілетіні атап өтілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?